Абыз — Торғай өзені алабындағы Қараторғай өзенінің бір тармағы.

Бастауы Бастауын Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы Айыршоқы тауынан алып солтүстікке, одан әрі батысқа қарай иіліп барып 30 км-ден кейін Бозай өзеніне қосылып, Қараторғайға құяды.

Гидрологиясы Абыз өзені ағып өтетін алқап адырлы аласа төбелі келген. Олардың ара-арасындағы аумақты ойпаңдардың шабындығы мол, су көздері де жетерлік. Өзен сағалары мен адыр төбелердің етектерінде қайың, терек, шілік, қамыс өседі. Осы өзеннің бойында Арғын руының Сауранбай тармағына жататын елдің ескі қорымдары, тұрғын үй қораларының сілемдері жиі кездеседі. Жаз айларында үзік-үзік болып қалатын қарасуларында балық көп болады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Торғай су алабы