Қоңыр Жүсіпұлы (1860, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр өңірі – 1944, Қарақия ауданы Жетібай жері) — сазгер, күйші-домбырашы.Қазақ энциклопедиясы
Абыл, Есір, Құлшар, Есбай күйлерін жеткізген.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8 Өзінің “Қоңыр”, “Өттің өмір”, “Дәуір” сияқты күйлерінде өмір, заман туралы толғанысы аңғарылады. Қоңыр Жүсіпұлының домбырасы Құрық кентіндегі қазақ орта мектебінің өлкетану мұражайында сақтаулы. Қоңырдың күйлерін кезінде Қ. Қожантаев пен Т. Ыбыраев халық арасында орындап таратқан; олардың орындауынан маңғыстаулық күйшілер Р.Айдарбаева мен С. Шәкіратов Қоңырдың күйлерін нотаға түсірді және тарихшы М. Нығметоллаевпен бірге кеңінен насихаттады.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер ЖЕТІ ҚАЙҚЫ
Санат:1860 жылы туғандар Санат:Түпқараған ауданында туғандар Санат:1944 жылы қайтыс болғандар Санат:Қарақия ауданында қайтыс болғандар Санат:Қазақстан сазгерлері Санат:Күйшілер Санат:Домбырашылар