Көшөге XVIII ғасырдағы қазақтың хас батыры, жоңғар басқыншыларына қарсы күрестегі әскери қолбасшылардың бірі Қанжығалы Бөгенбайдың есімі (Алматы қаласы әкімінің 23.10.1991 № 15/398 қаулысы) берілген. Қанжығалы Бөгенбай (1690-1775) Ерейментау қырқалары мен Сілеті өзенінің аралығында дүниеге келген.
Көше Жетісу, Алмалы, Әуезов аудандарын басып өтеді. Көше шығыстан батысқа қарай Бутаковский көшесінен басталып, Бруно көшесіне дейін созылып жатыр. Бұрынғы атаулары: а) Командирская; ә)Садовая; б)Киров көшелері.
Көшенің ұзындығы - 7500 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0
Дереккөздер
Санат:Алматы көшелері