Биржа бағамы, котировка (фр. Cote, ағылш. Financial quote) - қор биржасына айналымға түскен бағалы қағаздардың құны. Биржа бағамы қарыз ақша пайызы мен сол бағалы қағаз табыстылығы деңгейінің арақатынасымен анықталады. Қай дүкеншiсi немесе сатып алушысы жариялайтын және олар бойынша сатып алуды немесе сатуды болуға дайын болатын тауардың бағасы (бағамы, проценттi жалаки).Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9 Биржалық бағам - биржада сатылатын акциялардың, облигациялар мен басқа да бағалы қағаздардың бағасы. Биржаның ашылу және жабылу сәтіндегі бағам; биржада жасасылатын мәмілелер бойынша үздіксіз бағам (тикердің "жүгірме" жолы); сауда күні бойына ең жоғары және ең төмен бағам; спот мәмілесі бойынша және мерзімді мәміле бойынша бағам; нақты эмитент-компаниялардың бағалы қағаздары бойынша бағам, т. б. түрлеріне бөлінеді. Биржалық бағамның тағы бір түрлері: сатушы бағамы (ол сүрайтын баға) — asced price; сатып алушы бағамы (сатып алушы ұсынатын баға) — bid; ресми бағам— сатушы мен сатып алушының бағамы үйлесетін баға — matching.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2 Биржа бағамының түрлері Төте биржа бағамы Керi (жанама) биржа бағамы
Дереккөздер
Санат:Биржалар