Евгений Михайлович Мехаев (1932-1995) - журналист.
Свердловскінің Урал мемлекеттік университетін бітірген (1960).
«Комсомолец Караганды» газегінің жауапты хатшысы (1960-63), «Центральный Казахстан» газеті жауапты хатшысының орынбасары (1963-64), облыстық телестудияның аға редакторы (1965-66) болып істеген. 1966 жылдан зейнеткерлікке шыққанша облыстык «Индустриальная Караганда» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметін атқарды.
ҚазКСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1988). «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:1932 жылы туғандар Санат:1995 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан журналистері Санат:Орал мемлекеттік университеті түлектері Санат:Центральный Казахстан газеті журналистері Санат:Индустриальная Караганда газеті журналистері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері