Жаңаберген Сүлейменұлы Қармандаев - 1965 жылы 1 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Ленин ауылында туылған. Ұлты Қазақ. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене тәрибесі факультетін бітірген (2002), жаттықтырушы-оқытушы, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі. 1988 жылдан - СҚО Мамлют ауданы Ленин орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің муғалімі. 1993 жылдан - Арқалық қаласы грек-рим күресінен жаттықтырушы. 1998 жылдан - Петропавл қаласы грек-рим күресінен жаттықтырушы. 2002 жылдан - Алматы қаласы Республикалық спорт колледжінің спорт ғимараттары меңгерушісі. 2004 жылдан - Грек-рим күресінен ҚР құрама басшысы. 2006 жылдан - Грек-рим, еркін және әйелдер күрестерінен мемлекеттік жаттықтырушы. 2010 жылдан бері - ҚР Күрес федерациясының бас хатшысы. Жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қүдайбергенов Асхатты, Жастар арасындағы Азия чемпионы Елмуратов Нұрдәулетті тәрбиелеген. ҚР Туризм және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2007). Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ҚР жалғыз Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2008).

Әскери атағы - запастағы старшина. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Хоббиі - оқу, туризм. Сүйіп оқитын әдебиеті - көркем және тарихи әдебиеттер.

Үйленген. Жұбайы - Қармандаева Гүлшара (1965 ж.). Ұлдары - Сүлейменов Азамат (1991 ж.), Сүлейменов Жәнібек (1993 ж.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар