Оңдасын Елубайұлы Жиенқұлов - 1955 жылы 28 қарашада Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Фурманов ауылында туған. Қазақ. Хронологиясы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген (1977), инженер-құрылысшы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нүр Отан» ХДП мүшесі. 1977 жылдан - «Жамбылауылқұрылыс» №20 тресінің №2006 өндірістік-техникалықбөлімінің инженері, 1981 жылдан - аға жұмыстар атқарушысы, бас инженері. 1990 жылдан - «Жамбылагроқұрылыс» АҚ «Мойынқүмагроқұрылыс» бөлімшесінің төрағасы. 1994 жылдан - «Мойынқұм» АҚ бөлімшесінің директоры, 1999 жылдан - АҚ директоры. 2000 жылдан -Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің бірінші орынбасары, әкімі. 2007 жылдан -Жамбыл облысы Талас ауданының әкімі. 2010 жылдан бері - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары. Аудандық және облыстық мәслихаттың бірнеше шақырылымдарының депутаты. Жетістіктері «Құрмет» орденімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінө 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған.
Қазақстанның Құрметі құрылысшысы. Білім беру саласының үздігі. Әскери атағы - запастағы подполковник. Хоббиі - аңшылық және саяхаттар. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет. Үйленген. Жұбайы - Нүрзипа Ноғайқызы, Қазақ медицина институтының дәрігер-педиатры. Балалары - Оңдасын Сұлушаш, Оңдасын Мира, Оңдасын Абылайхан, Оңцасын Нұрсұлтан.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар