Василий Талгатович Пивцов (1975 жылы 16 тамызда Алматы қаласында туған) - Халықаралық санаттағы спорт шебері. Орыс.

Еңбек жолы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология факультетін бітірген (2008), мамандығы - «Медициналық-биологиялық іс». 2002 жылдан - Адам және жануарлар физиологиясы институтында зертханашы. 2005 жылдан - ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорттық клубында кіші сержант. 2006 жылдан - зертханашы, 2008 жылдан - ҚР Адам және жануарлар физиологиясы институтының кіші ғылыми қызметкері. 2010 жылдан бері - ҚР Қорғаныс министрлігі АОСК Спорт комитеті спорттық ротасының кіші сержанты.

Жетістіктері 5-ші және 6-шы санаттағы қиындықтар бойынша 30-дан астам рет шыңға шыққан. «Қар барысы» бағдарламасын орындау барысында бұрынғы КСРО аумағында 5 биік шыңның 3-іне шыққан: Хан-Тәңірі (7 010 м) - 5 рет (1999-2000); Жеңіс (7 438 м) - 2 рет (1999-2004); Ленин (2002); Азат Корея - 6А солтүстік қабырғасының ортасымен (2000); Тәж - 6А 5-ші мұнара (2001), 5Б 6-шы мұнара (2002). Жоғарғы санаттағы альпинизмнен Қазақстанның бірнеше мәрте жүлдегері және чемпионы; жоғарғы санаттағы альпинизмнен (2000-2002), жоғарғы техникалық және (2000), техникалық санаттағы ТМД ашық біріншілігінің чемпионы және жүлдегері (2001).

Марапаттары Халықаралық санаттағы спорт шебері. «Құрмет» орденімен марапатталған (2007).

Отбасы Анасы - Пивцова Лариса Васильевна, зейнеткер, инженерлік-техникалық қызметкер болған. Үйленген. Жұбайы - Пивцова Евгения (1982 жылы туған). Ұлы - Пивцов Дамир (2010 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Қазақстан орыстары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақстан альпинистері Санат:Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Барлық сегізмыңдықтарды бағындырушылар Санат:Джомолунгманы бағындырушылар Санат:Адам және жануарлар физиологиясы институты қызметкерлері Санат:Альпинизмнен Қазақстан чемпиондары Санат:Альпинизмнен ТМД чемпиондары