thumb|right|200px|Есімғали Үмітбайұлы Жұманов Есімғали Үмітбайұлы Жұманов (23.11.1946, Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Калиновка ауылы) - суретші-кескіндемеші. Қазақ.
Еңбек жолы В.И. Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік керкемсурет институтының кескіндеме факультетін бітірген (1981), суретші-кескіндемеші. 1981 жылдан - Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің арнайы пәндер оқытушысы. 1991-2009 жылдары - арнайы пәндер оқытушысы, станок кескіндемесі кафедрасының меңгерушісі, шеберхана жетекшісі, Т. Жургенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. 2010 жылдан бері - О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжнің арнайы әндер оқытушысы.
Шығырмашылығы Портрет, пейзаж, мистикалық сюрреализм жанрларында жұмыс істейді. «Арбаның ұзақ кеңістігі» (1998) «Түркістан-Иассауи нұры» (2005) «әл-Фараби - Отырар кітапханасы» (2005) «Еділ мен Рим қасқыры - XXI ғасыр» (2008) жұмыстарының авторы. Шығармалары «Қазақстан мәдениеті» көрмесінде (Париж, Франция, 1998); Дүниежүзілік мұсылман елдері кермесінде (Тегеран, Иран, 2000); Суретшілер одағының халықаралық конфедерациясы көрмесінде (Мәскеу, РФ, 2000); «Еуро-Азия» 2-ші халықаралық байқауында (Магдебург, Германия, 2001); «Астана-Бәйтерек» конкурстық көрмесінде (Астана, Қазақстан, 2005); «Бақтағы кездесулер» халықаралық көрмесінде (Бішкек, Қырғызстан, 2007); ШЫО халықаралық көрмесінде (Пекин, Қытай, 2009); ARTEXPO-2009 еуропалық көрмесінде (Осло, Норвегия, 2009) қойылған. Туындылары Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік енер мұражайында, «Ақ Орда» ҚР Президентінің резиденциясында, шетелдегі жеке коллекцияларда сақталуда.
Қоғамдық қызметі КСРО және ҚР Суретшілер одағының мүшесі (1981 жылдан). ҚР Суретшілер одағының басқарма мүшесі (1998-2010); хатшысы (1998-2009). ЮНЕСКО жанындағы «International Association of Art» мүшесі. 808.kz клубының және «Қазақстанның даңқ залының» мүшесі (2009 жылдан).
Марапаттары ҚР Білім беру үздігі (1998). Мәдениет қайраткері (2001). Каспий маңы республикаларының аймақтық кермесінің (1989) дипломы Қазақстан халқы ассамблеясының (2007) дипломы; «Арнайы пәндер оқытушысы» құрметті грамотасын (1990).
Отбасы Әкесі - Жұманов Үмітбай. Анасы - Жұманова Айтжан. Үйленген. Жұбайы - Аушина Қуаныш Шәйкенқызы, дәрігер-педиатр. Ұлдары - Алмат, Дәуір, Төлеген Жұмановтар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:23 қарашада туғандар Санат:1946 жылы туғандар Санат:Жамбыл ауданында (Солтүстік Қазақстан облысы) туғандар Санат:Мәскеу мемлекеттік керкемсурет институты түлектері Санат:КСРО суретшілері Санат:Қазақстан кескіндемешілері Санат:Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжі оқытушылары Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы оқытушылары Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясының профессорлары Санат:КСРО суретшілер одағы мүшелері Санат:Қазақстан суретшілер одағы мүшелері Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері Санат:Қазақстан мәдениет қайраткерлері