Абат Орынбасарұлы Өтегенов (1964 жылы 17 желтоқсанда Ақтөбе облысы Ленин ауданының Петропавловка кентінде туған) — ауыл шаруашылығының қайраткері.
Өмірбаяны Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын бітірген (1990), инженер-механик.
1990 жылдан - Хазірет орта мектебінің дене шықытыру және еңбөкке баулу пәндерінің мұғалімі.
1998 жылдан - «Диана» шаруа қожалығының бастығы.
2002 жылдан - «Айыртау элеваторы» ЖШС директорының орынбасары.
2003 жылдан - «Айыртау элеваторы» ЖШС директоры.
2010 жылдың мамырынан - Маңғыстау облысы Бейнеу астық терминалының директоры.
2011 жылдың ақпанынан бері - «Ақбидай - Астана» ЖШС директоры.
2014 жылдан бастап өз туған ауылында мал шаруашылығымен айналысуда .
Жеке өмірі Ұлты - Қазақ. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2008 жылдан). Саяси қайраткер рөтіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи туындылар.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы аудандық мәслихатының 4-ші шақырылым депутаты. Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.
Әкесі - Өтегенов Орынбасар Үсенұлы, зейнеткер. Анасы - Досқалиева Танзия Мағазқызы, зейнеткер.
Үйленген. Жұбайы - Өтегенова А.А. (1971 ж. т.), бухгалтер. Ұлдары - Дәурен (1993 ж. т.), Дәулет (2002 ж. т.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Қазақстан фермерлері Санат:Қазақстан ауыл шаруашылығы