Григорий Васильевич Яровой (1916, Изюм ауданы-1988), Социалистік Еңбек Ері (1957).
1932-42 жылдары Осакаров ауданындағы «Передовик» кеңшарының жұмыскері, егіншілер бригадасының бригадирі, ұжымшар төрағасының орынбасары. 1942-43 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. 1943-1961 жылдары Передовик, Нөвый путь, 19-парт съезд атындағы ұжымшарлардың төрағасы. Тың және тынайған жерлерді игеру кезінде (1954-56) мемлекетке тұңғыш млрд пұттық Қазақстан астығын тапсыру жолындағы күресте жоғары нәтижелерге жетті. 1961-1978 жылдары 19-парт съезд атындағы кеңшардың бөлімше басқарушысы, директоры.
Қазақстан Компартиясы 8-съезінің делегаты.
Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:1916 жылы туғандар Санат:Изюм ауданында туғандар Санат:1988 жылы қайтыс болғандар Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Ұлы Отан соғысы саперлері Санат:Осакаров ауданы тұлғалары