Александр Ильич Фомичев (1923-1978), кен инженері, Социалистік Еңбек Ері (1971), Қаз КСР-інің еңбек сіңірген шахтері (1965).

Өмірбаяны Ұлы Отан соғысына қатысқан. Свердловск тау-кен институты жанындағы Жоғары инжинерлік курсын бітірген (1959). 1948-1950 жылдары №19 шахтасының бас инженерінің көмекшісі. 1950-1952 жылдары №42/43 шахтаның бас инжинер бастығы. 1952-1973 жылдары «Қарағандыкөмір» комбинатының №31-бис, №33/34 шахталарынын бастығы. 1973- 1977 жылдары «Қарағандыкөмір» бірлестігінін «Қарағаңды» шахтасының директоры. 1977 жылдан ҚазКСР Мемлекеттік өнеркәсіпте жұмысты қауіпсіз жүргізу және кен қадағалау комитеті Қарағанды округінің бастығы болды. Фомичев басшылығымен шахталарда алымы тар кен комбайндары енгізілді, кен жұмыстарын шоғырландыру және бригадаларды ірілендіру жөніндегі жұмыстар жүргізілді.

Марапаттары Ленин орденімен 2 рет Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген шахтерлері Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Қарағандыкөмір тұлғалары Санат:Қазақстан шахтерлері Санат:Екі мәрте Ленин орденінің иегерлері Санат:Ерлігі үшін медалінің (КСРО) иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін медалінің иегерлері Санат:Шахта директорлары Санат:Сандықтау ауданында туғандар