Ермек Бекенұлы Нұғманов (20.09.1957 жыл, Ақмола облысы, Алексеевка ауданы (қазіргі Зеренді ауданы), Байлысты ауылы) - Жақсы ауданының (2004-2007), Бұланды ауданының (2007-) әкімі.

Білімі Целиноград ауылшаруашылық институтын (1982) бітірген, ғалым-агроном.

Еңбек жолы 1975 жылдан - Көкшетау облысы Уәлиханов ауданы «Золотая Нива» көңшарының механизаторы. 1976 жылдан - Көкшетау облысы Лениноград ауданы «Куйбышев» кеңшарының механизаторы. 1977 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1979 жылдан - Көкшетау облысы Лениноград ауданы «Куйбышев» кеңшарының агроном-есепшісі 1982 жылдан - еңбек және жалақы бойынша аға экономисі 1984 жылдан - трактор-егінші бригадасының бригадирі 1985 жылдың ақпанынан - аға экономисі. 1985 жылдың қарашасынан - Көкшетау облысы Ленин ауданы «Жаңаауыл» кеңшарының бас экономисі. 1990 жылдан - Көкшетау облысы Көкшетау ауданы «Бұлақ» кеңшарының бас экономисі. 1993 жылдан - Көкшетау облысы Көкшетау аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары, экономика басқармасының бастығы. 1996 жылдан - Көкшетау облысы Көкшетау ауданы әкімінің бірінші орынбасары. 1997 жылдың наурызынан - Көкшетау облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары (1997 жылдың мамырынан - СҚО, 1999 жылдың сәуірінен - Ақмола облысы). 2004 жылдан - Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімі. 2007 жылдың қыркүйегінен бері - Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімі.

Марапаттары «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2002) «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) «Ерен еңбегі үшін» (2008) «Астанаға 10 жыл» медальдарымен (2008) марапатталған.

Қоғамдық қызметі «Нұр Отан» ХДП мүшесі (1999 жылдан).

Отбасы Әкесі - Нұғманов Бекен, зейнеткер, аудандық баспаханада директор болып жұмыс істеген. Анасы - Нұғманова Қарашаш, зейнеткер, халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің аға инспекторы болған. Үйленген. Жұбайы - Нұғманова Майра Әшімқызы (1961 жылы туған), үй шаруасымен айналысады. Қыздары - Әлия (1983 ж. p.), Ботагөз (1985 жылы туған); Ұлы - Еркебұлан (1987 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:20 қыркүйекте туғандар Санат:Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті түлектері Санат:Жақсы ауданының әкімдері Санат:Бұланды ауданының әкімдері Санат:Аманат партиясының мүшелері