Жәнібек Бимендіұлы Сәдуақасов - 1947 жылы 28 наурызда Алматы қаласында туған.
Әкесі - Бименде Садуақасов, марқұм, мемлекеттік және қоғам қайраткері, одақ дәрежесіндегі зейнеткер болған. Анасы - Құжамқұлова Тоқаш, марқұм, кәсіподақ қызметкері, республика дәрежесіндегі зейнеткер болған.
Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын (1971) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша; Апматы Жоғары партия мектебін (1984) бітірген.
БҰҰ Бас кеңестемелік мәртебесіндегі Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.
15 мақала мен жарияланымның авторы.
1971 жылдан - «Жамбылсуқұрылыс» тресінің 50-ЖМК шебері, жұмыстарды атқарушысы, өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы, бас диспетчері. 1977 жылдан - «Қазұжымшарқұрылыстехұйым» тресінің республикалық жобалау-технологиялық тресінің техникалық басқармасының бастығы. 1981 жылдан - ҚазКСР Халықтық бақылау комитетінің құрылыс және құрылыс индустриясы бөлімінің инспекторы, бас инспекторы, меңгерушісі. 1991 жылдан - «Қазцемент» цемент және асбестцемент өнеркәсібінің республикалық концерні президентінің орынбасары. 1994 жылдан - «Құрылыс материалдары» мемлекеттік холдинг компаниясының сыртқы экономикалық қызмет басқармасының бастығы. 1996 жылдан - ҚР Экономика министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мемлекеттік сатып алулар жөніндегі конкурстарды ұйымдастыру жөніндегі басқарма бастығы. 1998 жылдан - «Қазконкурссервис» консалтингілік компаниясының бас директоры. 2005 жылдан бері - «Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы» заңды тұлғаларының республикалық бірлестігінің атқарушы директоры.
Халықаралық құрылысшылар одағының вице-президенті (Мәскеу қ., 2010 жылдан).
ҚазМАҚА Қамқоршылық одағының мүшесі. ҚР Ұлттық инженерлік академиясының медалімен (2006); «Қазақстанның Құрметті құрылысшысы» белгісімен (2007); ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрмет грамотасымен (2006) марапатталған; ҚР Президентінің Алғысхатымен ескерілген, «Құрылыс саласындағы жылдың таңдаулы ұйымдастырушысы» атағының иегері (2007).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:1947 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақ инженерлері Санат:Қазақстан құрылысшылары