Ләззат Мәдиқызы Маралбаева (24.03.1951, Көкшетау қаласында туған) - суретші. Қазақ.

Алматы сәулет-құрылыс институтын (1976) сәулетші мамандығы бойынша; Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының аспирантурасын (1988) бітірген.

Шығармашылығы Кеңестік Қазақстан Энциклопедиясы мақалаларының (1991), ғылыми жинақтардағы жарияланымдардың, «Кеңестік Қазақстан сәулеті» монографиясындағы иллюстрациялардың авторы (1987). «Компаньондар. Суретшілер» телехабары сценарийінің авторы, режиссері, жүргізушісі (1998) 5-минуттық «Сурет салғанды ұнатамын» фильмінің авторы (1998). Француз балеринасы Паскалина Ноель-Одегонның Филипп Гластың музыкасына қойған қойылымындағы «Опущенный взгляд» («Төмен қараған көздер») модерн-балеті декорацияларының авторы (1997). Қалалық, республикалық және шетелдік көрмелерге белсене қатысады. 1996 жылдан Еуропада жұмыс істеп, көрмелерге қатысады. 2002 жылдан бері жыл сайын 2-5 ай бойына Парижде, Тулуза маңындағы жазғы шеберханаларда жұмыс істеп, көрмелерін өткізеді. Жыл сайын желтоқсан айында Луврде, Carroussel du Louvre, Paris өтетін Salon SNBA атты ең көне көркем өнер салонына (2007, 2008); Осака, Аичи, Тойяма (2004, 2008, 2009), Фонтенбло қалаларының муниципалдық мұражайларындағы «Адамзат Жан Миллеге» қауымдастығының халықаралық көрмелеріне, Қазақстанның мәдени бағдарламасына (желтоқсан, 2008, Луардағы Chateau de Beauregard қамалындағы салон (сәуір, 2009) қатысқан.

Туындылары Бельгияда - Брюссель мен Антверпенде, Германияда - Бонн мен Франкфуртта, Италияда - Рим, Минори мен Фурорда, Люксембургте, Ресейде - Қазанда, АҚШ-та - Нью-Йоркте, Францияда - Кутанс, Тулуза мен Парижде, Жапонияда - Осака, Аичи және Тойямада, Қазақстанда - Алматы, Астана қалаларында көрмеге қойылған.

Жетістіктері

ҚР Сәулетшілер одағының мүшесі.

Hommage a Jean Millet мүшесі.

AIEL (Academie Internationale I'Ecole de la Loire) қауымдастығының мүшесі. Дипломдары, сертификаттары, грамоталары бар.

Отбасы Әкесі - Маралбаев Мәди Темірболатұлы (1911-1992), ҰОС ардагері, Қазтұтынуодағында жұмыс істеген. Анасы - Ізтілеуова Кәлима Хабибқызы (1924-1992), тыл майданының ардагері, Балық шаруашылық министрлігінде қызмет еткен. Қыздары - Қарпықова Жанел (1980 жылы туған), галерея қызметкері, итальян тілінің мұғалімі; Қарпықова Алуа (1982 жылы туған), жарнама агенттіктерінде PR-директор болып жұмыс істеген; ұлдары - Қарпықов Сәдуақас (1982 жылы туған), «БурдаАлатауПресс» бас дизайнері; Қарпықов Әбілқайырхан (1992 жылы туған), Қазақ-неміс университетінің студенті. Немерелері - Арлан (2008 жылы туған), Алан (2008 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Суретші Ләззат Мәдиқызы Маралбаева Маралбаева Ляззат

Санат:24 наурызда туғандар Санат:1951 жылы туғандар Санат:Көкшетауда туғандар Санат:Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы түлектері Санат:Қазақстан суретшілер одағы мүшелері Санат:Қазақстан суретшілері