Болат Ибрагимұлы Сұлтанов (11 шілде, 1970 жыл, Торғай облысы Жақсы ауданы, Қима ауылы) - Ақмола облысы Егіндікөл ауданының әкімі (2007 жылдан бері).

Өмірбаяны Әкесі - Сұлтанов Ибрагим Әбдіғалиұлы, Атбасар ауданы бойынша еңбек қорғау инспекторы. Анасы - Сұлтанова (Хамитова) Сәуле Жағыпарқызы, марқұм. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің зоотехникалық факультетін (1997) зооинженер мамандығы бойынша бітірген. «Тұран» университетінің заң факультетін (2000) заңгер мамандығы бойынша бітірген. 1987 жылдан - Торғай облысы «Шығыс» кеңшарының «Жас Ұлан» жастар бригадасында шопан. 1988 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1991 жылдың Қаңтарынан -Торғай облыстық ІІБ Қима АІІБ күзет бөлімінің жүргізушісі. 1991 жылдың сәуірінен - Қима 8-МКТУ өндіріс жөніндегі шебері. 1991 жылдың мамырынан - Қима аудандық агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінде жүргізуші. 1991 жылдың қыркүйегінен - Алматы облысы «Ауылжөндеуқұрылыс» ауылдық өндірістік кооперативінің 2-ші дәрежелі бетоншысы. 1991 жылдың қазанынан - Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты зертханашысы. 1992 жылдан - жеке кәсіпкер. 1996 жылдан - Торғай облысы Қима ауданының «Қима» ҰАШК заңгері. 1997 жылдан - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімі аппаратының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы. 1998 жылдың маусымынан - Ақмола облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы мемлекеттік-құқықтық инспекциясы бөлімінің бас маманы. 1998 жылдың шілдесінен - Ақмола облысы Атбасар ауданы бойынша Салық комитетінің маманы. 1998 жылдың тамызынан - ықтиярсыз өндіріп алу секторының меңгерушісі 2000 жылдан - ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы. 2003 жылдан - «Запорожье» ЖШС бас бухгалтері. 2005 жылдың қаңтарынан – экономика жөніндегі директоры (Ақмола облысының Жақсы ауданы). 2005 жылдың қарашасынан - Беловодск ауылдық округы әкімі аппаратының бас маманы м.а., бас маманы. 2006 жылдан - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің орынбасары. 2007 жылдан бері - Ақмола облысы Егіндікөл ауданының әкімі.

Отбасы Үйленген. Жұбайы - Сұлтанова Сәуле Жаңбырбайқызы (1970 жылы туған), Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы. Қызы - Ибрагимова Айсұлу Болатқызы (1994 жылы туған); ұлы - Ибрагимов Әділ Болатұлы (1999 жылы туған).Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:11 шілдеде туғандар Санат:1970 жылы туғандар Санат:Жақсы ауданында туғандар Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Тұран университеті түлектері Санат:Егіндікөл ауданының әкімдері