Һарун әр-Рашид, Гарун ар-Рашид (766, Рей - 809, Түс) - Аббас әулетінен шыққан халиф (786 - 809).
Билікке Бармакилер әулетінен шыққан парсы ақсүйектері мен уәзірлерінің көмегінің арқасында келген. Кейіннен оларды биліктен ығыстырыл, 803 жылдан жеке-дара билік етті. Һарун әр-Рашидтың тұсында халифат қолөнер, сауда мен мәдениет (әсіресе, әдебиет) дамыды. Сонымен катар халифаттың ыдырау белгілері де орын алды (Дейлемдегі, Сирия мен басқа да өлкелердегі үкіметке қарсы көтерілістер). Һарун әр-Рашид өзінің алдындағы билеушілер бастаған Византиямен күресті жалғастырды. Орта Азиядағы Рафиғ ибн Лейс бастаған көтерілісті басу мақсатымен жасалған жорық кезінде қаза тапты. Һарун әр-Рашид арабтардың әйгілі «Мың бір түн» ертегісінің кейіпкерлерінің бірі.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Дереккөздер
Санат:Аббас әулетінің халифтері Санат:763 жылы туғандар Санат:809 жылы қайтыс болғандар Санат:Аббас әулетінің халифтері Санат:Ирактық Аббасилердің халифалары