Танагүл Әкімбайқызы Арыстанова (1953 жыл, Түлкібас ауданы Жабағылы ауылы) – ғалым, фармацевтика ғылымдарының докторы (2001), профессор (2003).
Алматы медициналық институтын бітірген (1977). 1977 – 80 ж. Орал қаласында дәріханада еңбек етті. 1980 – 81 ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының Шымкент филиалында оқытушы 1981 – 84 ж. Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық ғылым-зерттеу институтының аспиранты болды. 1984 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясында кафедра меңгерушісі.
Арыстанова еліміздің фармацевтика саласына және оқыту жүйесіне үлес қосқан ғалым. 200-ден аса ғылым еңбектері жарық көрді, бірнеше республикалық және халықаралық гранттардың иегері. Оның қатысуымен ерекше дәрілік препараттар шығарылған.
ҚР мемлекеттік сыйлық лауреаты (2003).Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1953 жылы туғандар Санат:Түлкібас ауданында туғандар Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан фармацевтері Санат:Фармацевтика ғылымдарының докторлары Санат:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының профессорлары Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері