Қотантас - қола дәуіріндегі тас құрылыстардың бір түрі. Қотантас қақпа тастарды қаз-қатар шеңберлей тігу арқылы тұрғызылады. Оның әрбір тобындағы шеңбер саны 3 - 8-ге дейін барады. Құрылыстың мұндай топталған түрін жазғы ауыл қотанына ұқсас болғандықтан қотантас деп атаған. Қотантас Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Жамантас, Кеңестас, Ақтоғай ауданындағы Көрпетай тауы, Қарасай, Темірастау деген жерлерде кездеседі.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:Археология Санат:Тарих Санат:Қола дәуірі Санат:Қарағанды облысы