Доқтырхан Тұрлыбек (1949 жылы туған, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Қарасаз ауылы) - жазушы, сықақшы.

ҚазҰУ-ды бітірген. 1966 - 70 ж. "Қаратау құрылыс" тресінде жұмысшы, 1970 -77 ж. Жамбыл облысы Свердлов ауданындағы "Село жаңалығы" газетінде, 1977 - 84 ж. Жамбыл облысы "Еңбек туы" газетінде, 1984 жылдан Қазақ теледидарында қызмет атқарған.

Шығармашылығы Бүгінде Халықаралық "Түркі әлемі" студиясының бас директоры. "Түбі түскен шелек және сыпыртқы" "Сталиннің мүштігі" "Қазақ қалжыңдары" "Қалша Қожаның хикаялары" жинақтары жарық көрген.

Отызға жуық деректі бейнефильмдердің авторы.

Жамбыл атындағы сыйлығының иегері.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Санат:1949 жылы туғандар Санат:Жуалы ауданында туғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан сықақшылары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Жамбыл атындағы сыйлықтың иегерлері