Әкіш Тұрғынбайұлы Шанин (1893, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы Желтау ауылы - 18.3.1986, Шымкент қаласы) -актер, Қазақстанның еңбегі сіңген артисі (1958).
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан. Арнаулы сахналық білім алмаған. Актерлік өнер жолын "Ес-аймақ" труппасынан бастаған. 1928 - 1938 жылдары Қазақ академиялық драма театрының. 1938 - 1968 жылдары Шымкент облысы драма театрының кұрамында актер болып, көбіне өткір мінезді, әр алуан рольдерде ойнаумен ерекше көзге түсті. Орындаған рольдері Орындаған рольдері қатарында Шалбай (Ә.Әбішевтің "Отан үшінінде"), Балқы, Жақай (М.Ақынжановтың "Исатай - Махамбеті" мен "Ыбырай Алтынсаринінде"), Базарбай, Бекежан, Қарабай, Қоңқай, Тәуке (Ғ.Мүсіреповтің "Қыз Жібек", "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Ақан сері - Ақтоқты" және "Амангелдісінде"), Франтишек (К.М. Симоновтың "Прага бағында"), ПІмага (А.Н. Островскийдің "Жазықсыз жапа шек-кендерінде"), т.б. бар. "Мазасыз көктем" (1956), "Өмір жолы" (1959), "Алдар көсе" (1964), т.б. фильмдерге қатысты.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:Қазақстан әртістері