Шалшықшылар () — татреңтәрізділер туыстарына жатады.
Ұзындығы 70 см дейін. Тұмсығы астына қарай қайқы, ұзын. Солтүстік жарты шap аймағында, тундрадан далалық аймақтарға дейін, тундралық таулы жерлерде 8 түрі белгілі. Сазды жерлерді мекендейді. Қорегі, ұсақ омыртқасыздар, кейде жеміспен өсімдік тұқымдары. ТМД кеңістігінде 6 түр бар. Үлкен шалшықшы және қасқа шалшықты балапандарын өрбітіп, қоныс ауыстырған жағдайда Ертіс өңірінде кездеседі. Кіші шалшықшы және жіңішке тұмсықты шалшықты КСРО Қызыл кітабына енгізілген.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Түрлері
(Numenius phaeopus) Сүйір тұмсықты шалшықшы (Numenius tenuirostris) (Numenius arquata) (Numenius americanus) (Numenius madagascariensis) Құртамыш шалшықшы (Numenius minutus) (Numenius borealis) (Numenius tahitiensis)
Дереккөздер