Мәулімбай Саяқбаев (1870, бұрынғы Талдықорған облысы, Киров атындағы кеңшар - 1934, сонда) - ақын. Жетісудың атақты ақындары Қабанбай, Бақтыбай Жолбарысұлынан тәлім-тәрбие алған. Қазан төңкерісінен бұрын шығарған өлеңдерінен сақталғаны аз. Олар: "Байларға", "Меңбай болысқа", "Қожаларға", "Ұлыққа" өлеңдері. "Жасымнан әділдікті аңсап едім", "Ревком", т.б. өлеңдері бар. "Ер білер менің әкем батыр Саяқ" толғауы, "Қайша қыз" дастаны, қырғыздың ақын қызы Балатымен айтысы сақталған. Ақын туралы мәліметтер тек 70-жылдары ғана жиналып, жариялана бастады. Біраз өлең, дастан, айтыстары Талдықорған облысы газетінде жарияланған. Оның өмірі мен шығармашылығы "Ақын-жыраулар" (1979) кітабында берілген.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Мәулімбай Саяқбаев · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.