Нұржан Раушанұлы Мұраталиев (1952 жылы туған, Алматы) — жазушы. ҚазҰПУ-ды бітірген. 1974 - 80 жылдары "Жалын" баспасында редактор болып қызмет атқарған. Қазір "Қазақфильм" киностудиясында қызмет істейді. Алғашқы әңгімелері "Жалын" альманағында, "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде жарияланған. Ол Джанни Рода Ридің "Чипполлиноның басынан кешкендері" повесін қазақ тіліне аударған. "Ғажайып мекенге саяхат" повесі 1984 жылы жарық көрген. Аталмыш повесть "Жалын" баспасының жабық бәйгесінің жүлдегері (1984).Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Нұржан Раушанұлы Мұраталиев · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.