Бертағы Дәндібаев (1939 жылы туған, Қарақалпақстан, Тақтакөпір ауданы) – ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы (1996).
Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1968, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. 1968–74 жылдары Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтында ассистент 1974–86 жылдарында Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында аспирант, кіші ғылым қызметкер, аға ғылым қызметкер 1986–94 жылдарында Өзбек күріш ғылыми-зерттеу институтының Қарақалпақ бөлімшесінде және Био-экология институтында лаборатория меңгерушісі (1994–96) болды. 1996 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университетінде доцент қызметін атқарады. 52 ғылым жарияланымның, 1 монографияның авторы.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том
Дереккөздер
Санат:1939 жылы туғандар Санат:Тақтакөпір ауданында туғандар Санат:Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Қазақстан агрономдары Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті оқытушылары Санат:Қарақалпақстанда туғандар