Семсер балық () – теңіз балығы.
Оны Атлант, Тынық және Үнді мұхиттарынан аулайды. Тұмсық сүйегі семсерге ұқсас, алға шығып тұрады (аты содан шыққан). Салмағы 100—200 кг. Еті дәмді, семіз, оның етінен негізінен консервілер өндіріп, кептірген-ысталған балық дайындайды, сонымен бірге барлық кулинариялық тағамдар әзірлеу үшін де пайдаланылуы мүмкін.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Дереккөздер
Санат:Алабұғатәрізділер