Евгений Иванович Коротин (26.3.1926 ж.т., Орал қ.) - өлкетанушы, ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты (1965), профессор (2001). Қазақстан оқу-ағарту ісінің үздігі.
1955 ж. Орал педагогикалық институтын, 1958 ж. Абай атындағы ҚазПИ-дің (қаз. Алматы мемлекеттік университеті) аспирантурасын бітірген.
1958 жылдан Орал педагогикалық институтында (қаз. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті) сабақ береді.
Жергілікті халықтың фольклорын жинап, этнографиясын зерттеумен айналысады.
Негізгі ғыл. жұмыстары Орал казактарының әдеби мұраларын талдауға арналған. Ол Батыс Қазақстан аймағы бойынша 35 ғылыми-этнографиялық экспедиция ұйымдастырып, жергілікті казак-орыстардың 700 фольклорлық шығармаларын жинады. Коротиннің жетекшілігімен ауыз әдебиеті архиві, орыс фольклоры кабинеті (1996) ашылып, Круглозерное кентінде «Уральские казаки» ансамблі құрылды.
Ол ҚазМУ жанындағы Фольклорлық шығармалар жөніндегі үйлестіру кеңесінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
Бірнеше медальмен марапатталған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:26 наурызда туғандар Санат:1926 жылы туғандар Санат:Оралда туғандар Санат:Қазақстан өлкетанушылары Санат:Тарих ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақ КСР оқу-ағарту ісінің үздіктері Санат:Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті түлектері Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті оқытушылары