Шағырлой (2007 жылға дейін – КоминтернОблыстағы кейбір ауылдық елді мекендердің атауларын өзгерту туралы) — Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы ауыл, Сарыой ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Жымпиты ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 19 км-дей жерде, Жымпиты өзенінің оң жағалаулық аңғарындағы бетеге, боз, көкпек, жусан өскен бозғылт қоңыр, сортаңды қоңыр топырақты шөлейт белдемінде орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1008 адам (485 ер адам және 523 әйел адам) болса, 2009 жылы 643 адамды (318 ер адам және 325 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 530 адамды (269 ер адам және 261 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы 1957-1997 жылдары Абай атындағы қой өсіру кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылдан Коминтернде және округке қарасты Жаңақоныс, Көздіқара, Қызылтаң ауылдарында серіктестік пен 12 шаруа қожалығы құрылған.
Инфрақұрылымы Орта, орталау, бастауыш мектептер, мәдениет үйі, клуб, 2 фельдшерлік-акушерлік және 2 дәрігерлік пункт бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V07Z0002985/compare
Дереккөздер
Санат:Сырым ауданы елді мекендері