Сабыр Мұқатов, (Тесіктамақ (1907, Жаңақала ауданы, Шалқар ауылы — 1978, Казталов ауданы, Талдықұдық ауылы) — әнші, күйші. Тамағы жас кезінде тесіліп, мүгедек болып қалған. Киров мектебінде домбыра үйірмесін ашып, Ш.Қажығалиев, С.Лұқпанов, т.б. кернекті өнер қайраткерлеріне домбыра тартуды үйреткен. 1966 жылдан өмірінің соңғы күндеріне дейін қазіргі Казталов ауданының Талдықұдық ауылында тұрды. Көзі тірісінде оның «Мейрам», «Шаттық көңіл» атты күйлері таспаға жазылған. Сол жылдары Алматыдағы халық таланттары хабарына қатысуға шақырылды.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Сабыр Мұқатов · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.