thumb|right|200px Тұрсынғазы Әлпейісов (5.03.1956 жыл Шығыс Түркістан Қарабақ ауылы) - жазушы. Өмірбаяны 1959 жылы Қазақстанға қоныс аударған. Еңбек жолын Жаркент қаласында бастайды. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Аудандық газеттерде, комсомол ұйымдарында «Жалын» баспасында «Казкинопрокат» мекемесінде «Жәрдем» фирмасы «Шалқар» фирмаларында жауапты қызметтер атқарған. «Тұрмыс» жабық акционерлік қоғамының президенті болған.

Шығармалары «Құтты қадам» «Көк шұбардың тұяғы» атты повесть, әңгімелерден тұратын жинағы «Жоңғардың соңғы қашқыны» романы жарық көрген. Ұйғыр және орыс тіліндегі кітаптарды қазақшалаған.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

Санат:5 наурызда туғандар Санат:1956 жылы туғандар Санат:Шыңжаңда туғандар Санат:Қазақстан жазушылары