Ханғали Жұмашұлы Сүйіншәлиев (5 желтоқсан, 1918, Тайпақ, Ақжайық ауданы, Батыс Қазақстан облысы - 20 маусым 2006, Алматы) - ғалым, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы (1969), профессор (1972), Қазақстанның еңбек сіңірген жоғарғы мектеп қызметкері (1984).
Орал педагогика институтын бітірген (1943). Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943-1953 жылы Орал педагогика институтында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі. 1953 жылдан ҚазМУ-де оқытушы, доцент, профессор. Ғылыми-зерттеушілік еңбектері қазақ әдебиеті тарихы мен теориясы, Абай шығармашылығы мәселелеріне арналған. Шығармашылығы нобай|оңға|Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, Санат баспасы, 1998. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері, А., 1960; Ізденіс іздері, А., 1975; Саңлақтар сарабы, А., 1978; Қазақ әдебиетінің тарихы. А., 1998.
Марапаттары I дәрежелі Отан соғысы ордені Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Дереккөздер
Санат:5 желтоқсанда туғандар Санат:1918 жылы туғандар Санат:Ақжайық ауданында туғандар Санат:20 маусымда қайтыс болғандар Санат:2006 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақ әдебиетін зерттеушілер Санат:Қазақстан филологтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері