Михаил Ларионович Михайлов (16 қаңтар 1829 жыл, Орынбор — 15 тамыз 1865 жыл, Забайкалье, Кадка ауылы) — орыс ақыны, жазушы әрі аудармашы. Лақап аты — Михаил Илецкий.

Уфа гимназиясында оқып, 1844 жылы Петербург университетіне оқуға түскен. Алғашқы шығармалары «Иллюстрация» журналында (1845) жариялана бастаған. Кейін Нижний Новгородта әскери қызметте болып, туындылары «Москвитянин» журналында шықты. 1852 жылы Петербургқа көшіп келіп, «Современник», «Отечественные запискиде» қызмет істеді. 1956-57 жылы Теңіз министрлігінің тапсырмасы бойынша Оралдан Атырауға дейінгі жерлерге саяхат жасап, әдеби-этнографиялық материалдар жинады, жергілікті балық шаруашылығы мен теңіз ісін зерттеді. Сол кездегі жинаған әдеби-этнографиялық материалдары «Морской сборник» (1859, N 8) журналында «Жайық очерктері» деген атпен жарық көреді. 1861 жылы шет елден оралған соң саяси қызмет бабында ұсталып, Сібірге жер аударылды. Оның көптеген роман-повестері, аудармалары бар.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:16 қаңтарда туғандар Санат:1829 жылы туғандар Санат:Орынборда туғандар Санат:15 тамызда қайтыс болғандар Санат:1865 жылы қайтыс болғандар Санат:Ресей жазушылары Санат:Ресей ақындары Санат:Ресей аудармашылары Санат:Ертегішілер Санат:Саяси қуғын-сүргін құрбандары