Құтқожа (туған - өлген жылы белгісіз) – 20 ғасырда Қаратөбе ауданы жерінде өмір сүрген белгілі сынықшы. Көп жылдар ұжымшарда мал бағып, еңбек еткен. Уатылып қалған сүйектерді орын-орнына түсіріп, бітістіріп жіберетін қасиеті болған. Сынықшылық қасиеті оның балалары Ислам мен Зинекешке қонған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан тарихы