Сәниев Шәрифолла (29.01.1933 жыл, Тайпақ ауданы Қурайлысай ауылдық округі Сайқұдық) — ақын.
Өмірбаяны 1951 жылы Стерлитамак қаласында авиация кіші мамандарын даярлайтын мектепті бітіріп, самолет жабдығының электр жүйесін жөндеуші ауылда жүргізуші, тыңда жұмысшы Жымпиты аудандық «Қызыл ту» газетінде тілші, баспахана меңгерушісі болған. 1978 жылы Алматының полиграфия комбинатында №2 автобус паркінде зейнетке шыққанша еңбек еткен. «Құлыншақ» журналында жауапты хатшы қызметін атқарды. СӘНИЕВ ШАРИФОЛЛА
Шығармалары Сәниевтің бір топ өлендері «Жас керуен» жинағына (А., 1969) енген. Сондай-ақ «Сапар» (1971) «Бір тілім Ай» (1989) «Еркелер мен серкелер» (1991) атты кітаптары жарық көрген.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:29 қаңтарда туғандар Санат:1933 жылы туғандар Санат:Ақжайық ауданында туғандар Санат:Қазақстан ақындары