Болашақ (2005 жылға дейін – Богатырёво)Облыстық кейбір ауылдық елді мекендерінің қайта атауы туралы - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы ауыл, Болашақ ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан солтүстікке қарай 85 км-дей жерде, жусан аралас бетеге, боз, кеде ескен сортаң келген қоңыр топырақты құрғақ дала белдемінде орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1140 адам (578 ер адам және 562 әйел адам) болса, 2009 жылы 988 адамды (515 ер адам және 473 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 751 адамды (383 ер адам және 368 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы 1936 жылдан Маркс атындағы ұжымшардың орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылы Богатыревта өндірістік кооператив, серіктестік және 12 шаруа қожалығы жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Богатыревта және округке қарасты Көпкүтір, Мирон және Шильный елді мекендерінде орта, орталау және бастауыш мектеп, мәдениет үйі мен кітапхана, емхана, медицина пункт бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Казталов ауданы елді мекендері Санат:Жайық казак әскерінің тарихи елді мекендері