Ащы – Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданындағы өзен, Жайық алабындағы Елек өзенінің саласы. Ұзындығы 70 км, су жиналатын алабы 1960 км².

Бастауы Ақтаудың солтүстік- шығыс беткейінен басталып, Шоқтыбай ауылы тұсында Елек өзеніне құяды.

Гидрологиясы Ащыға ұзындығы 10 км-ге жетпейтін он шақты сала қосылады. Қарашаның басында қатып, сәуірдің басында мұзы ериді. Өзенге бөгеттер салынған. Бөгет суы бақша суаруға, ал өзен суы жайылымдарды суландыруға пайдаланылады.Батыс Қазақстан облысы. Эндиклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Шыңғырлау ауданы өзендері Санат:Жайық су алабы өңірі өзендері