Лаура Есенгелдіқызы Әбділдина(10.5.1937 жыл, Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталовка аулы) – экономика ғылымдарының докторы (1981), профессор (1985).

Өмірбаяны Ленинград (1960, қазіргі Санкт-Петербург) ауыл шаруашылық институтын және Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтының аспирантурасын (1966, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы ауыл шаруашылық инспекциясында аға агрономы Мұғалімдер білімін жетілдіру институтында әдіскер-агроном (1960–1962) Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтында ассистент (1966–1969) Қазақ КСР-і Ауыл шаруашылық министрлігінде бас маман (1969–1973) қызметтерін атқарды. 1983-1987 жылдары Алматы халық шаруашылығы институтында (қазіргі Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті) кафедра меңгерушісі. 1987-1990 жылдары Мәскеу жерге орналастыру инженерлерінің институтында кафедра меңгерушісі 1990 жылдан Қазақ ауыл шаруашылығы институтының (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) ауыл шаруашылығы экономикасы кафедрасының профессоры.10 мамыр. КАЛЕНДАРЬ КАЗИНФОРМА «ДАТЫ. СОБЫТИЯ. ИМЕНА»

Еңбектері Оның ғылыми еңбектері жер ресурстарын тиімді пайдалану және ауыл шаруашалын химияландыру мәселесіне: «Эффективность удобрений: экономика, логанизация и опыт применения», 1984; «Экономика сельского хозяйства», 1996, арналған.Қазақ энциклопедиясыБатыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002, ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:10 мамырда туғандар Санат:1937 жылы туғандар Санат:Казталов ауданында туғандар Санат:Қазақстан экономистері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ ұлттық аграрный университетінің профессорлары