Малай аюы немесе Бируанг () — аюлар тұқымдасының сүтқоректі жануары.

Денесі 1,4 м, шоқтығының биіктігі, 0,5-0,7 м, салмағы 60 кг. Бас сүйегі жалпақ, қысқа, азу тістері кішкентай. Жүні қысқа, қатты, қара. Тұмсығы сары, кеудесінде таға тәрізді ақ немесе қызғылтым дақ болады. Үндіқытай, Суматра, Калимантанның жазық және таулы аймақтарында орманды жерлерді мекендейді. Түнгі жануар. Қорегі - талғамсыз.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

Дереккөздер

Санат:Аюлар