Алқа ана, Алқа Мәтіғұлқызы (т. — о.ж.б.) — қазақтың біртуар дүлдүл күйшісі Құрманғазының анасы. Тегі — Беріш-Бесқасқа; барған жері — 12 ата Байұлы — Қызылқұрт. Орташа деулеті бар Сағырбайға тұрмысқа шыққан Алқа өзінің парасаттылығымен, көрегендігімен ағайын-туысқа, ауыл-аймаққа сыйлы, ел құрметтеген тұлғаға айналады. Құрманғазының ұлы композитор, ұлт және жеке адам бостандығын кексеуші болып қалыптасуына да анасы ықпал еткен. Күйші жырақта жүргенде анасын сағынып, «Қайран шешем», «Аман бол, шешем, аман бол», «Түрмеден қашқан», т.б. күйлерін шығарған. Күйшінің 1880-81 ж. Мақаш екімге «Сүт берген ед емшектен сексен үште, Күн керер қайда барып анам, тақсыр» дегеніне қарағанда, Алқа ана 1800 ж. шамасында дүниеге келген болуы керек.Батыс Қазақстан облысы. Эндиклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Алқа ана · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.