Иманғара, Иманқара – Каспий ойпатының солтүстік-шығысындағы дөңгелек пішінді оқшау аласа тау.
Таудың шыңында сақ кезеңіндегі қорымдар мен қорғандар орналасқан (б. з. д. V ғасыр).Имангара // Казахстан. Национальная энциклопедия. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. — Т. II. — ISBN 9965-9746-3-2. Ежелгі дәуірде шың қасиетті орын деп саналды.http://atyrautv.kz/ru/news/society/respublikanskaya-ekspediciya-pribyla-v-atyrau Республиканская экспедиция прибыла в Атырау. Телеканал «Атырау» (8 ноября 2017).
Географиялық орны Атырау облысының Жылыой ауданында, Құлсары қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 65 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 200 м, ұзындығы мен ені 8-10 км. Биіктеу батыс бөлігі жарқабақтанып тілімденген, қалған бөліктері үстіртті жазық. Етегінде бұлақтар кездеседі. Таудың басындағы 3 алаңқайда сақ дәуірінің (б.з.б. 5 ғ.) обалары мен қорғандары орналасқан.
Жалпы сипаттама Тау үсті жазық болып келген. Осы жазықтықта 18 оба орналасқан. 1989-1991 жылдары 6 обаға археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген. Біздің эрамызға дейінгі V ғасырға жататын қабірлер ашылды. Оларда адам сүйектері жерленіп, жандарына қанжар, қола жебе, қола айна, шыны моншақ, қыш ыдыстар қойылған. Қорғандар биіктігі 0,5-1 м аралығында, диаметрі 3-15 м-ге дейін. Таудың батыс сілімінде құлпытастар бар, көлемі 3х4 м. Қабірлер тігінен және жатқызылып қойылған тастардан қаланған. Таудың батыс жақ үңгір орналасқан. 1944 жылы бұл үңгірге немістердің диверсиялық топтары жасырынған. Үңгірдің биіктігі 2 м, ені 2,5 м, тереңдігі 25 м. Тік төртбұрышты болып қазылған, 3 дәлізден тұрады. Қабырғаларында күрек, қайла іздері байқалады.Сағыздың бойы ен жайлау 1-кітап Алматы: «Арыс» баспасы, 2009 ж. ISBN 9965-17-582-9
Өсімдігі Тау беткейлерінде бұта аралас бұйырғын, тасбұйырғын, боз жусан тағы басқа шөлді белдемнің өсімдіктері өседі. Иманғара өңірі жазғы жайылымдық.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Дереккөздер
Санат:Жылыой ауданы таулары