Педагогикалық импровизация- мұғалімнің сабақ үстінде не қарым-қатынаста кенеттен бір педагогикалық шешім тауып және оны сол сәтте қолдануы. Педагогикалық импровизация процесі қысқарған түрде шығармашылық процестің барлық сатысын көрсететін төрт кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - педагогикалық қызығу. Мұғалім сабақ барысында не тәрбиелік шара үстінде берілген сұракқа, тәртіпке не жаңа материалды түсіндіргенде жаңа, ерекше ойды, идеяны тудыратын іштей түрткі, ішкі күш сезінеді. Екінші кезеңде - педагогикалық идея бір сәтте ойға келіп, тез арада оны жүзеге асырудың жолы табылады. Егер идея интуитивті түрде пайда болса, оны іске асыру интуитивті - логикалық жолмен жүзеге асырылады. Үшінші кезең - көпшілік алдында іске асыру не педагогикалық идеяны жүзеге асыру. Бұл кезең негізгі, педагогикалық импровизация тиімділігі осы кезеңмен байланысты. Төртінші кезең - ойлау, яғни педагогикалық процесті іске асыруды тез анализдеп, оны жалғастыру мәселесін шешу. Педагогикалық импровизация алдын-ала жоспарланған әрекетке көшкенде педагогикалық техниканы жетілдіреді.Қазақ энциклопедиясы Дереккөздер
Санат:Педагогика Санат:Терминология