Ашамүйізді киік немесе Айырмүйіз () — күйіс қайыратын сүтқоректілердің отряд тармағына, Ашамүйізділер тұқымдасына жататын жануар.
Биологиялық сипаттамасы Дене тұрқы 1,5 м, биіктігі (шоқтығынан алғанда) 80 см, салмағы 35-60кг, сыртқы бейнесі бөкен тәрізді.
Түсі - ақшыл қоңыр, бауыры - ақ, тамғыда ақ "айшық" , текелерінде қара "маска" бар.
Айыр мүйіз текесінің қысқа (30 см) және толықша келген мүйізі тік шығып, екі ұшы алшақтау әрі қайқылау болып өседі. Еркектерінің мүйізі қысқа, жуан, аша тәрізді, ал ұрғашыларының мүйізі қыскалау, 5-7 см-ден аспайды. Аша мүйізділердің бұғылардан айырмашылығы - мүйізінің тек сыртқы қабатын ғана тастайды да - сүйекті негізі сақталады. Айыр мүйіздің басқа қуыс мүйізділерден бір айырмашылығы - оны мүйіз қабығы жыл сайын күйлегеннен кейін түсіп, қайта шығып отырады.
Айыр мүйіз жыл сайын мамыр-маусымда төлдейді. 60% ұрғашысы егіз бұзау табады. Бұзаудың салмағы 2-4 кг, түсі - сұр, 3 аптада шөп жей бастайды. 3 айда жетіледі.
Табиғатта 5-7 жыл өмір сүреді.
Түрлері Барлығы 5 түр тармағы бар: A. americana americana A. americana mexicana A. americana oregona A. americana peninsularis A. americana sonoriensis
Таралуы Солтүстік Американың прерий далаларында мекендеген, Канаданың оңтүстік-батысынан Мексиканың солтүстігіне дейін. Өте көп аулағандықтан 1908 жылғы мәліметпен саны 20 мыңға дейін азайған, кейбір жерлерде мүлдем құрып кеткен. Қазіргі күнде популяциясы 2-3 млн-ға жеткізілді.
Пайдалауы Мүйізінен дәрі жасайды
Дереккөздер
Санат:Ашамүйізділер Санат:Солтүстік Америка сүтқоректілері Санат:1815 жылы зерттелген жануарлар