Нығмет Ғабдуллин (26.12.1927, Көкшетау облысы Рузаев ауданы Шұқыркөл ауылы – 11.7.2005, Алматы қаласы) – филология ғылым докторы (1972), профессор (1975), Қазақстанның еңбек сіңген қайраткері (1998).

Қазақ педагогика институтын (қазіргі Алматы мемлекеттік университетін) бітірген (1950). 1950–1969 жылдары республикалық баспасөз орындарында, 1962 жылдан жоғары оқу орындарында қызмет еткен. 1988–1997 жылдары Алматы мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі болды. «Қазіргі қазақ әдебиетінде жаңа адамды бейнелеу проблемалары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Қазақ Энциклопедиясы

Шығармалары Менің достарым. Әңгімелер. А., ҚМ КӨБ, 1951; Алғашқы сапар. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1953; Жаңа таны отар. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1955; Құрбылар. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1956; Гүл. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1959; Қызық дәурен. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1963; Өмір, қымбатсың маған. Повесть. А., «Жазушы», 1966; Сарғайған жапырақ. Повесть. А., «Жазушы», 1970; Жігер. Роман. А., «Жазушы», 1983; Уақыт сыры. Әдеби сын. А., «Жазушы», 1981; Ғабит Мүсірепов - драматург. Монография. А., «Өнер», 1982; Махаббат жыры. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1998.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

Санат:26 желтоқсанда туғандар Санат:1927 жылы туғандар Санат:Атбасар ауданында туғандар Санат:11 шілдеде қайтыс болғандар Санат:2005 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан филологтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері