Қайнар — Алматы облысы Райымбек ауданындағы ауыл, Қайнар ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Нарынқол ауылынан солтүстік-батысқа қарай 27 км-дей жерде, әр түрлі астық тұқымдас шөптесін өскен қара, қызғылт қоңыр топырақты тауалдының қоңыржай ылғалды агроклиматтық белдемінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен30933241 1719 53 1670 906 54,3 1571 813 51,8

Тарихы 1953-1997 жылдары қой өсіретін Крупская атындағы кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде Қайнарда 21 шаруа қожалығы, 2 өндірістік кооператив құрылды.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, байланыс бөлімшесі, мешіт, клуб, т.б. мекемелер бар. Қайнар арқылы республика маңызы бар Алматы-Нарынқол автомобиль жолы өтеді.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Райымбек ауданы елді мекендері