Ұзақ Бараев (16.10.1930, Райымбек ауданы, Алғабас ауылы — 28.7.1973., Алматы) — журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. ҚазМУ-ді бітірген (1952). 1952-62 жылдары "Социалистік Қазақстан" (қаз. "Егемен Қазақстан") газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1962-69 жылдары Қызылорда, Талдықорған облыстық газеттерінің редакторы, 1969-73 жылдары "Социалистік Қазақстан" газетінің бас редакторы болды. Бірнеше жылдар бойы Қазақстан Журналистер одағыньщ төрағасы міндетін атқарды. "Халық бастамасы — қайнар бұлақ" (1961), "Дала жұлдыздары" (1970), "Жан сұлулығы" (1975), т.б. кітаптары жарияланған. "Құрметбелгісі", Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған. КСРО Журналистер одағы сыйлығы лауреаты (1973). Райымбек ауданындағы Алғабас ауылында Бараев атыңдағы орта мекгеп, көше бар, музей-үйі ашылған. Жыл сайын еліміздің үздік деп таныл- ған журналистеріне Бараев атындағы арнаулы жүлде беріледі.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер