Тұлан Әбдуәлиев (4.5. 1928 ж. т., Шымкент) – ғалым, техника ғылым докторы (1987), профессор (1988). Шымкент химия-технология инcтитутын бітірген (1952). 1952 – 57 ж. Ашхабад шыны комбинатында кезекші инженер, цех бастығының орынбасары, цех бастығы, 1957 – 95 ж. Оңтүстік Қазақстан техникалық университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі. 1995 – 2003 ж. силикаттар технологиясы кафедрасының профессоры. «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, Түркістан облысы мәслихатының құрмет грамотасымен марапатталған. 260 ғылым еңбектің, оның ішінде 3 монографияның, 11 оқулықтың авторы.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы. Сілтемелер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Тұлан Әбдуәлиев · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.