Қойнауқаттық шоғыр - Қойнауқаттың тектүрге жататын қорқоймадағы, яғни желегі мен табаны сұйықтар мен газдарды мүлдем өткізбейтін тау жыныстарымен шектелген, өзінің төсеніші рөлін қорқойма көлемінің басым көпшілігін тоғытқан су қабаты атқаратын мұнайлы шоғыр.Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет.

Қойнауқаттың литологиялық тұрғыдан қалқаланған шоғыр

Жинауыш-жыныстардың төменнен жоғары қарай сүйірлене тамамдалуымен немесе өзінің жинауыштың қабілетін нашарлата түсуімен сипатталатын шоғыр (қойнауқаттың қалқаланған шоғырлардың жеке түрі).

Қойнауқаттық дөңбеккүмбездік шоғыр

Өзінің дөңбеккүмбез түрінде иілген бүкіл өнімді ауқымында қойнауқаттық сипатты иеленген қорқоймаға жинақталған шоғыр.

Қойнауқаттық стратиграфиялық тұрғыдан қалқаланған шоғыр

Стратиграфиялық үйлесімсіздік жазықтығы бойындағы сұйықтар мен газдарды өткізбейтін тау жыныстарымен шектелген шоғыр.

Қойнауқаттық тектоникалық тұрғыдан қалқаланған шоғыр

Өзінің беткі жағынан еңістене сағаланатын жарылыммен шектелген және осы жазықтық бойымен сұйықтар мен газдарды нашар өткізетін тау жыныстарымен беттесетін қойнауқаттағы жазық.

Дереккөздер

Санат:Мұнай және газ геологиясы Санат:Терминология