Есенбай Дүйсенбайұлы (15.05.1940 жыл, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қалдайбек ауылы - 2011, Қазақстан) - ақын, журналист.
Еңбек жолы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген (1963). Еңбек жолын Жарқамыс орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінің мүғалімдігінен бастаған. Темір және Байғанин аудандық, Ақтөбе облыстық газеттерінде әдеби қызметкер, редактордың орынбасары, бөлім меңгерушісі, аға тілші болды. 1978 — 2009 жылдары республикалық «Жазушы», «Жалын», «Ана тілі», «Өлке», «Раритет», «Білім» баспаларында аға редактор, Қазақстан Даму институтының «Саясат» журналында редактор, жетекші редактор, редактор-аудармашы, директор-редактор қызметтерін атқарды. Қазір «Жазушы» баспасында Бас редактор.
Шығармашылығы Тұңғыш жыр жинағы 1971 жылы «Бозала таң мен Бозторғай» деген атпен «Жазушы» баспасынан жарық көрді. «Ақпейіл» (1974), «Үлаң-ғайыр» (1977), «Ашықаспан» (1979), «Ақ желкенді ағыстар» (1979), «Біздің толқын» (1981), «Ашық хат», (1982), «Таң торғайы» (1988), «Үшбүлақ» (1990), «Пешене» (2005) балаларға арналған «Әліппе — тілашар» (1995), «Санамақ» (1996), «Менің жаңа астанам», «Жаңбыр әні» (2003), «Әріптер мен сандар әлемі» (2007), сондай -ақ таңдамалы жырларының екі томдық жинақтары жарық көрген.
Аудармалары «Қожа Ахмет Йасауи. Хикмет» атты көркем аудармасы 1998 жылы «Жалын» баспасынан шыққан. М.Горькийдің «Әдебиет туралы» академик Г.Ломидзенің «Ұлы достық ұлағаты» кітаптары палистиналық ақын әл-Хамиси қырғыз шайыры Б.Абакиров жырлары екі томдық орыс поэзиясы антологиясын қазақ тіліне аударуға қатысқан. 1998 жылы Қожа Ахмет Йасауи хикметтерінің қазақша көркем аудармасы Түркияның Измир қаласында жеке кітап болып шықты.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Құрастырушылық еңбектері Ақын ұзақ жыл баспа саласында қызмет істей жүріп, 100-ге жуық поэзиялық, прозалық кітаптар қүрастырған. Оның ішінде: «Екі мың жылдық дала жыры» («Қазақ энциклопедиясы», 2000) тоғыз томдық «Қазақтар» атты энциклопедиялық анықтамалық (Қазақстан Даму институты, 2003) «Дала даналары» (Қазақстан Даму институты, 2001) «Нар заман мен зар заман поэзиясы» («Раритет», 2002) екі томдық «Жеті ғасыр жырлайды» («Жазушы», 2004 , қазақ ақын-жазушыларының ең таңдаулы жауһарлары сүрыпталған жүз томдық «Алтын қор» сериясының елу томы («Раритет», 2000 — 2006) бар.
Марапаттары мен жетістіктері Ұлы Абайдың 150 жылдығы құрметіне тұңғыш рет өткізілген республикалық жазба ақындар мүшәйрасы Бас жүлдесінің иегері. 1996 жылы Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлық алды. 1990 жылы «Үшбүлақ» жыр кітабы үшін Қазақстан Жазушылар одағының I.Жансүгіров атындағы сыйлығы берілген. Байғанин ауданының құрметті азаматы. Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісі «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл Дереккөздер
Санат:15 мамырда туғандар Санат:1940 жылы туғандар Санат:Байғанин ауданында туғандар Санат:2011 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстанда қайтыс болғандар Санат:КСРО журналистері Санат:Қазақстан журналистері Санат:КСРО ақындары Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақ ақындары Санат:Ақтөбенің құрметті азаматтары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Ақтөбе облысы журналистері Санат:Жазушы баспасы редакторлары Санат:Жалын баспасы редакторлары Санат:Өлке баспасы редакторлары Санат:Ана тілі баспасы редакторлары Санат:Раритет баспасы редакторлары Санат:Білім баспасы редакторлары Санат:Саясат журналы редакторлары Санат:Қазақстан аудармашылары Санат:Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың иегерлері Санат:Ілияс Есенберлин атындағы сыйлықтың иегерлері Санат:Байғанин ауданының құрметті азаматтары Санат:Қазақстан мәдениет қайраткерлері Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (Қазақстан) иегерлері