right|250px Бағалы қағаздарды орналастыру — эмитенттің азаматтық-құқықтық мәміле жасасу жолымен эмиссиялық бағалы қағаздарды алғашқы иеленушілерге иеліктен шығаруы.

Ұлттық заңнамамен реттеледі. Қазақстанда "Бағалы қағаздар нарығы туралы" және "Акционерлік қоғамдар туралы" заңдармен реттеледі.

Бағалы қағаздарды орналастыру тәсілдері:

акционерлік қоғамды құру және жарғылық қор жасау кезінде акцияларды құрылтайшылар (акционерлер) арасында бөлу;

Акционерлік қогамның акцияларын және акцияларға айырбасталатын өзге де акцияларды ашық және жабық жазылыс жолымен орналастыру;

Қоғамның қосымша акцияларын акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздарға айырбастау жолымен орналастыру.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2 Дереккөздер

Санат:Экономика Санат:Қаржы