Төте салықтар - жеке тұлғалардың еңбек ету қабілетіне немесе заңи тұлғалардың экономикалық әлеуетіне (пайда табу қабілетіне) тікелей салынатын салық, яғни салық төлеушінің табысынан немесе мүлкінен, сондай-ақ мұрадан, әлеуметтік сақтандыруға аударымнан алынатын салықтар.

Салық салу объектісі — табыс (жалақы, пайыз, рента, т. б.) және салық төлеушінің мүлкі (жер, көлік құралдары, бағалы қағаздар, т. б.).

Өзіндік (жеке) және мақсатты (нақты) Төте салықтар түрлеріне бөлінеді.

Өзіндік Төте салықтардың катарына жеке тұлғалардың табыс салығы, ұйымдардың мүлік салығы, жеке тұлғалардың мүлік салығы, т. б. жатады.

Нақты салыктардың қатарына жер салығы жатады.Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым ми- нистрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2 Дереккөздер

Санат:Салықтар